Облыста денсаулық сақтау нысандары үздіксіз жұмыс істейді
Аудан әкімдері тұрғындармен кездесу өткізіп, медициналық мекемелердің жағдайын тексерді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты деп бағаланып, денсаулық сақтау нысандары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Диспансерлік есепте тұрғандарды қоса алғанда, емханалардағы дәрі-дәрмек жеткілікті. Өңір тұрғындары күндізгі стационарда тұрақты түрде ем алады.
Бородулиха ауданындағы 30 800 адамға 62 дәрігер, 232 медбике, 77 ер медицина қызметкерлері қызмет көрсетеді. Одан бөлек15 көлік, 80 төсек орын бар, оған қоса қосымша тағы 80 жатын орын қарастыра алады.
Аягөз ауданында денсаулық сақтау мекемелеріне 18 530 адам тіркелген, 48 дәрігер, 212 әйел медбике және 82 ер медицина қызметкері бар. Көлік құралдарының жалпы саны – 11. Қосымша 50 төсек орналастыру мүмкіндігі және 44 стационарлық төсек бар.
Ақсуат ауданында 52 дәрігер, 119 әйел медбике, 78 ер медицина және 87 қосалқы медицина қызметкерлері бар. 40 стационарлық төсекпен қатар, қосымша 80 төсек орналастыру мүмкіндігі қарастырылған.
Денсаулық сақтау нысандарындағы жұмыс барысы Абай облысы әкімдігінің тұрақты бақылауында.