Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
444.32 473.33 4.76

Алматыда XIV халықаралық еуразиялық фармацевтикалық форум өтеді

25-02-2023, 09:04 Думан Кенжеғазыұлы

28 ақпан мен 1 наурыз аралығында Алматыда XIV Халықаралық Еуразиялық фармацевтикалық форум өткізу жоспарлануда.

Форум алаңында талқылаудың негізгі тақырыптары: Еуразия фармацевтикалық нарықтарын жаңа шындыққа бейімдеу тәжірибесі, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық қызметін реттеудегі басты өзгерістер, ЕАЭО және ТМД елдерінің фармацевтикалық өнеркәсібі үшін ынтымақтастық ландшафтын өзгерту, дәрілік саланы бағалық реттеу, дефектураның алдын алу, инновациялық дәрілік препараттар нарығына қолжетімділік болады.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өткізіледі, форумға қатысушылар салалық кәсіптік ұйымдардың, реттеушілердің, министрліктер мен ведомстволардың өкілдерін, сондай-ақ Еуразиядағы фармацевтикалық өнімдердің ірі халықаралық және жергілікті өндірушілерін күтеді.

Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссияның, Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің Фармацевтика саласын дамыту агенттігінің, Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Академик Э. Габриелян атындағы дәрілік заттар мен медициналық технологияларды сараптау ғылыми орталығының өкілдері және т. б. қатысады.

Қатысушылар мен спикерлердің толық тізімі  «спикерлер» бөлімінде жарияланған: https://eurasian-pharma.com/speakers/.

Форумның өзекті бағдарламасын мына сілтеме бойынша зерделеуге болады: https://eurasian-pharma.com/program/.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив