Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Абай облысының студенттері Қазан ақпараттық технологиялар және байланыс техникумында білім алуда

8-04-2024, 12:46 Мадина Айдарова

2023 жылдың желтоқсан айында Абай облысы мен Татарстан Республикасы арасындағы екіжақты келісімінің нәтижесінде халықаралық құзыреттер орталығында оқыту тренингі өткізілді,- деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері Дастан Талғатов, Елисей Беляев және Тимур Бабенко оқытушылары Күлпан Түсіпбаевамен бірге «Мобильді робототехника» және «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттіліктерінде оқуды аяқтайды.

«Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша әлем чемпионатының тапсырмасына сәйкес студенттер ауыл шаруашылығындағы көкөністер мен жемістердің 10-ға жуық түрін жинауға көмектесетін робот үлгісін жасайды.

Сабақтарды бүкілресейлік деңгейдегі сарапшылар, WorldSkills Еуропа және әлем чемпионаттарының қатысушылары, халықаралық деңгейдегі жаттықтырушылар жүргізеді.

Студенттер курста WorkdSkills чемпионатының негізгі модульдері бойынша білімдерін нығайтып, дағдыларын жетілдірді. Заманауи жабдықта ақпараттық кабельдерді төсеу және баптау дағдыларын пысықтап, әртүрлі датчик сымдарын прототиптеу және сауатты төсеу, бағдарламалық кодты ұйымдастыру сияқты жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив