Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
511.92 588.91 6.44

Абай облысын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі қарастырылуда

25-02-2023, 13:52 Думан Кенжеғазыұлы
Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бесқарағай ауданының тұрындарымен кездесу барысында айтты.
 
Облыс әкіміне қойылған сауалдар тұрғын үй коммуналдық мәселесіне қатысты болды. 
 
Аудан тұрғындары салынып жатқан үйлер орталықтандырылған жылыту жүйесімен қамтамасыз етілмеген. Бұл да өз кезегінде қаладан жас мамандарды тартуға кері әсерін тигізетінін атап өтті. 
 
Өңір басшысы бұл мәселенің жақын уақытта шешімі табылатынын атап өтті. 
- Сіздерге бір құпияны ашқым келіп отыр. Жақын уақытта Абай облысы газбен қамтамасыз етіледі. Газдың құбырының бір тармағы Бесқарағай ауданынан тыс жерден өтеді деп ойламаймын. Қазір бұл мәселе Үкіметте қарастырылуда. Бір-екі жыл ішінде мәселенің нақты шешімі табылады деп ойлаймын, - деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев. 
Еске салар болсақ, Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздің шығыс және солтүстік өңірлерін газбен қамтамасыз етудің бірнеше нұсқасымен бөліскен. 
- Ресей Федерациясымен Павлодар қаласына тарайтын Барнаул-Рубцовск-Семей-Өскемен газ құбырын салу және Өскемен тармағымен Омбы-Павлодар-Семей газ құбырын салу нұсқасы бойынша келіссөздер жүргізілуде, - деді министр. 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив