Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
524.66 550.21 5.09

Дәрі-дәрмекті таңбалаудың артықшылығы мен кемшілігі де бар

9-04-2024, 17:26 Мадина Айдарова

Еліміздің барлық өңірінде өңірлік кәсіпкерлер палаталары 2024 жылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрі-дәрмекті міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу мәселесіне қатысты жиналыстар өткізді.

Талқылауға әкімдіктер, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменттері және «Қазақтелеком» АҚ Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторының өкілдері қатысты.

 Жиналыстарда бизнес-қоғамдастық дәрілік заттарды таңбалауды енгізуге дайындық жұмыстарына қатысты өзінің наразылығын білдірді, атап айтқанда:

1. Интернеттің инфрақұрылымы жеткіліксіз дамыған, әсіресе шалғай аудандарда байланыс жоқ.

2. Дәрілік заттарды таңбалауды енгізуге байланысты шығындарды өтеудің болмауы.

3. Фармацевт мамандарының жетіспеушілігі.

4. Дәрілік заттардың бірыңғай жіктеуішімен жұмыс істеу қиындығы.

5. Қаптамада таңбалау үшін дәрілік заттарды тіркеу куәліктеріне өзгерістер енгізу рәсімдерінің ұзақтығы.

6. Ұйымдардың есепке алу жүйелерін интеграциялау жөніндегі қызметтердің қымбат болуы.

«КФК Медсервис Плюс» ЖШС бизнесті дамыту департаментінің басшысы Саида Есенбекованың пікірінше, 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек нарығында көрсетілген күнге дейін импортталған дәрі-дәрмектер ғана қолжетімді бола алады.

«Біз дистрибьюторлар ретінде есеп жүйелерін жеткізушілер мен интеграторлар үшін техникалық тапсырма құра алмаймыз. Өйткені дәрілік заттарды бақылау модулінің «жұмыс нұсқасы»  жұмыс істемейді.

Нәтижесінде ақпараттық жүйелерді толыққанды интеграциялауды жүзеге асыруға және дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмысына баға беру мүмкін болмай отыр», - деді ол.

«Нобель АФФ» АҚ IT бөлімінің бастығы Руслан Запунный таңбалауды енгізуге дайындық 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқанына қарамастан, қазіргі уақытта Техникалық құжаттама әлі де пысықталмағанын айтты. Соның салдарынан проблемалар анықталған.

 «Ресей дәрі-дәрмектерді таңбалау кезде тап болған проблемаларды ұмытпайық. Таңбалау жобасын жүзеге асырудағы кемшіліктер бағаның өсуіне және нарықта дәрі-дәрмек тапшылығының пайда болуына байланысты өндірушілер мен тұтынушылардың наразылығына әкелді.

Сонымен қатар, Өзбекстанда дәрі-дәрмектерді таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу тәжірибесіне назар аударуды ұсынамыз. Бұл шара тәуекелдерді азайтуға және жаңа жүйеге тегіс және тиімді көшуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Амрин таңбалаудың оң жақтарын атап өтті:

- нарықтағы контрафактілік және сапасыз өнімдерге қарсы күрес, бұл тұтынушылардың дәрі-дәрмек сапасына деген сенімін арттырады;

- денсаулық сақтау жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру.

Сондай-ақ, оларға ағымдағы жағдайларда дәрілік заттардың таңбалануы мен қадағалануы енгізілген жағдайда жағымсыз тұстарға назар аударылды. Атап айтқанда, қаржылай қолдаудың болмауына байланысты отандық фармацевтикалық нарықтағы отандық тауар өндірушілер үлесінің төмендеуі; таңбалауға қосымша шығындарға байланысты дәрі-дәрмек бағасының өсуі; таңбаланбаған препараттарды өткізуге тыйым салуға байланысты дәрі-дәрмектердің дефектурасы; кедендік қоймаларда тұрып қалуына байланысты немесе қаптамада таңбалау үшін тіркеу куәліктеріне қосымша өзгерістер енгізу қажеттілігіне байланысты дәрілік заттарды медициналық ұйымдарға жеткізуді кешіктіру ұзақ уақытты алады.

«Дәрілік заттарға 100% таңбалауды енгізу кезінде осы процестің оң және теріс аспектілерін ескеру және ағымдағы кедергілерді шешу және ықтимал теріс салдарды азайту үшін шаралар қабылдау, сондай-ақ басқа елдердің дәрі-дәрмектерді кезең-кезеңімен таңбалауды енгізу тәжірибесін қарастыру маңызды», - деп атап өтті Мұрат Амрин.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив