Cемей-10°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Польша өз шекарасы бойынша жүк көлігіне транзитті жапты

25-02-2023, 16:36 Думан Кенжеғазыұлы

Осы жылдың 21 ақпанынан бастап, Варшава уақыты бойынша сағат 19.00-де Польша-Беларусь «Кукурики-Козловичи» шекаралық өткелінде жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Бұл  тыйым Польша республикасы және Еуропалық Одаққа мүше елдер, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (Eat), Еуропалық экономикалық кеңістік туралы келісімге мүше елдерге және Швейцария Конфедерациясында тіркелген көлік құралдарына әсер етпейді.

Алайда, басқа елдер/өңірлерде іркелген көлік құралдары осы өткелден өте алмайды.

 «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің басқарушы директоры Мұрат Амриннің айтуынша, «Кукурики-Козловичи» өткелі «Бобровники-Берестовица» өткелі жабылғаннан кейін қазақстандық жүк тасымалдаушылар пайдалана алатын соңғы мүмкіндік болған.

«Жаңа шектеу елімізге Еуропа елдерінен экспорттық тауар және кәсіпорындарға еуропалық тауарларды таситын қазақстандық тасымалдаушыларға да қатысты. Мұның салдары миллиондаған шығынға әкеп соғады. 23 ақпандағы жағдай бойынша Польша аумағында 150-ден аса қазақстандық автокөлік құралы бар. Тағы жүзден астамы Еуропалық Одақ бағытында жүреді. Логистика бұзылған, тасымалдау құны қымбаттайды», – деді Мұрат Амрин.

Сарапшы Польшада ҚР Елшілігі мен ҚР ИИДМ арқылы нақты үйлестіру бар екенін атап өтті. Қазақстан Елшілігі тарапынан Польшаның мемлекеттік органдарына отандық тасымалдаушылар үшін шектеуді алып тастау қажеттігі туралы ноталар жолданды.

Еуропалық Одақ пен ЕАЭО елдерін байланыстыратын жалғыз құрлық жолы –  Литва-Беларусь, Латвия-Беларусь және Латвия-Ресей шекара өткелдері арқылы өтетін жол. Сондай-ақ, Каспий теңізі арқылы өтетін балама бағыт бар. Алайда бұл бағыт Еуропа елдеріне дейінгі қашықтықты 1,5 есе ұзартып көліктің бірнеше түрін (авто-теңіз) мәжбүрлі пайдалануға байланысты тасымалдау құнын 2-3 есе арттырады, маршруттағы климаттық және географиялық жағдайлардың әсері (дауыл маусымы, биік таулар және т.б.)  тағы бар.

 Қазіргі кезде ҚР ИИДМ  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп, Литва тарапымен қазақстандық тасымалдаушылар үшін қазақстандық машиналар ЕО аумағынан Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясы бағытында кедергісіз шығуы үшін Литва Республикасы арқылы кедергісіз өтуді қамтамасыз ету туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, Литва тарапына деректерді беру мақсатында өткелде жиналған автомобильдердің тізімі жасалды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив