Cемей25°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Ақпаратқа қолжеткізу туралы заң жобасы талқыланды

25-02-2023, 18:22 Думан Кенжеғазыұлы

Бүгін АҚДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді.

Отырыс барысында халықаралық сарапшылар мен ұйымдар (ЮНЕСКО, Internews, Access info Group), сондай-ақ, мүдделі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жетімділігі бойынша маңызды және өзекті мәселелер талқылады.

Атап айтқанда, субтитрлер мен аудиодескрипцияны, сурдоаударманы пайдала отырып, есту және көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарға ақпараттың қол жетімділігі үшін жағдай жасау жайы айтылды.

Отырысқа қатысушылардың талқылауы мен ұсыныстарының қорытындысы бойынша аталмыш одан әрі бірлесіп жұмыс істеу бағыттары айқындалды.

Жұмыс тобы отырысының бейне жазбасын Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасынан көруге болады https://fb.watch/iUglJvBDNw/?mibextid=HI9Go

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив