Cемей-5°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
494.87 520.65 4.91

Алматыда шетелдік сарапшылар Вена құжаты аясында әскери бөлімге «баға» берді

12-04-2024, 11:18 Мадина Айдарова

Грецияның инспекциялық тобы Албания мен Бельгия өкілдерінің қатысуымен сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Райымбек батыр атындағы 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасын бағалау үшін барды.

38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының басшылығы және Қарулы күштер Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқарма өкілдері шетелдік мамандарға брифинг ұйымдастырды. Инспекторларға қару-жарақ пен әскери техниканың негізгі жүйелерімен, сондай-ақ бригаданың инфрақұрылымымен танысуға мүмкіндік берілді.

Вена құжаты аясында ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын «бағалауға бару» кезінде тексерілетін әскери ақпаратпен алмасуы тиіс. Инспекциялық топ Қазақстанның 2011 жылғы Вена құжаты бойынша міндеттемелердің ашықтығы мен сақталуын растады. 

Бригаданы «бағалау» қорытындысы бойынша инспекциялық топ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қару-жарақты бақылау және инспекцияларды қамтамасыз ету орталығының ілеспе тобына және 38-ші десанттық-шабуылдау бригадасының басшылығына ризашылығын білдіріп, ҚР Қарулы күштері өкілдерінің инспекцияны қамтамасыз ету деңгейі жоғары деп атап өтті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив