Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Түркі әлемінің үздік жазушысы

19-01-2023, 09:53 Думан Кенжеғазыұлы

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің қызметкерлері қала тұрғындарының қатысуымен орталық алаңда «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Түркі әлемінің үздік жазушысы» атты кітап калейдоскопын өткізді.

Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздің үздік туындыларын оқу және насихаттау, Төлен Әбдіктің әдеби мұрасымен таныстыру және шығармашылықты дәріптеу, жастарға рухани-адамгершілік, патриоттық тәрбие беру.

Іс-шараның басында акцияның тарихы айтылып, 2023 жылы белгілі драматург және жазушы Төлен Әбдіктің шығармашылығымен танысатынымыз туралы ақпарат берілді.

Төлен Әбдік – рухани дамуға, мәдени өркениетке, әсіресе қазақ әдебиеті дамуының әртүрлі кезеңдерінде біздің ұлттық рухымызға елеулі үлес қосқан қазақ жазушыларының бірі екені атап өтілді.

Түрлі – түсті безендірілген чемодандарда кітаптар мен кітапханалардың жарнамалық өнімдері, «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы барысында оқылған барлық үздік туындылар ұсынылды. Төлен Әбдіктің шығармалары туралы жадынамалар, буклеттер, бетбелгілер таратылды.

Кітапхана қызметкерлері жазушының «Оң қол», «Парасат майданы», «Тозақ оттары жымыңдайды» атты  жеке тұлғаның екіге бөлінген өткір психологиялық мәселесін қозғайтын шығармаларына ерекше назар аударады.

Танысу барысында қатысушылар  «Әке», «Ақиқат», «Қайырсыз Жұма», «Бас сүйек», «Біреудің баласы» атты философиялық ойларға толы әңгімелері туралы мағлұмат алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив