Cемей20°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Абай облысының спортшылары жазғы Олимпиада-2024 ойындарына қатысады

15-04-2024, 18:19 Мадина Айдарова

Грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде халықаралық дәрежедегі спорт шебері, жерлесіміз Нұрсұлтан Тұрсынов Олимпиада жолдамасына ие болды. Нұрсұлтан олимпиадаға бару мүмкіндігіне 2023 жылғы Әлем чемпионатындағы нәтижелі 5-ші және 2022 жылғы Азия чемпионатындағы 2-ші орынының арқасында жетіп отыр. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Тұрсынов 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындарына да қатысқан.

Сонымен қатар, Олимпиадағы қатысуға үміткерлер қатарында 100 келіден астам салмақ дәрежесіндегі дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерасыл Қажыбаевта бар. Ерасыл Әлем кубогында қола, ал 2018 жылы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған. Сондай-ақ, 2023 жылы Еуропа Кубогының чемпионы атанған. Спортшы әлемдік рейтингте 35-ші орында.

Үміткерлер лицензиялық, әрі рейтингтік жарыстарға қатысып, Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасымен бірге халықаралық жиындарда дайындықтан өтеді.

Айта кетейік, 33-ші жазғы Олимпиада ойындары 2024 жылдың 26 шілдесінен 11 тамыз аралығында Франция астанасы Парижде өтеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив