Сенаторлар тасқын судан зардап шеккен облыстардың тұрғындарымен кездесті
Депутат Серік Өтешов Қарағанды облысында өңір аудандарының жағдайымен танысты. Сенатор қорғаныс бөгеттерін күшейту, ойпат жерлерге майда тастар мен топырақ төгу, құм салынған қаптар қойылған учаскелерді қарап шықты. Депутат сондай-ақ Шет ауданындағы үйлерін су басқан тұрғындарға барып, тасқыннан зардап шеккен адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары туралы ауыл тұрғындарына айтып берді.
Сағындық Лұқпанов Атырау облысында жергілікті атқарушы органдармен тасқын суға дайындық барысын талқылады және «Соколок» арнасымен қатар жаңадан екінші су өткізу арнасын салудың маңыздылығын атап өтті. Жаңа 24 шақырымдық желі суды қаладан алыстатуға мүмкіндік береді.
Сенат депутаты Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының жағалау аудандарында қорғаныс бөгеттерін салу барысын тексерді. Бұл аумақта бөгет салу жұмыстары белсенді жалғасуда. Сенатор сондай-ақ тасқын судан зардап шеккен азаматтармен кездесіп, оларға эвакуациялық пункттердің жұмысы және біржолғы материалдық көмек алу мен тұрғын үйлерді қалпына келтіруге құжаттарды қабылдау пунктіне қалай әзірлеу керектігі туралы айтып берді.