Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Министр Марат Ахметжанов Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесті

27-02-2023, 08:13 Думан Кенжеғазыұлы

Маңғыстау – ежелгі өркениет пен тарихи ескерткіштер мекені. Қарт Каспийдің құшағындағы қала – Ақтау. Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың 2023 жылға жоспарланған халықпен кездесуі дәл осы өңірден басталды.

Негізгі мақсат – халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, өңірдегі полиция қызметкерлерінің жұмысын тексеру, Мемлекет басышының реформаларын жұртқа жеткізіп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастыру.

“Достық” үйінде өткен кездесу барысында ведомство басшысы азаматтарға ең алдымен Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен серіктестікте қамтамасыз ету концепциясы туралы айтты. Құжаттың маңыздылығына тоқталып, басты бағыттарын саралап, ерекшеліктерін түсіндірді.

Сонымен қатар шара барысында аймақтағы криминогендік ахуал туралы ақпарат берілді. Министр жалпы қылмыстың 66%-ы облыс орталығында жасалатынын атап өтті. Маңғыстауда 71 ұрлық, 1 мал ұрлығы, сондай-ақ жыл басынан бері бір ай ішінде 26 алаяқтық фактісі тіркелгені айтылды.

Өңірде әкімдік пен полицияның нәтижелі жұмысының арқасында көпшілікке үлгі болған ауылдар туралы да мағлұмат берілді. Маңғыстау ауданының Оңды ауылы мен Түпқараған ауданының Таушық ауылында қабылданған шаралардың тиімділігінің арқасында бірде-бір қылмыс орын алмаған.

Ашық форматта өткен кездесуде тұрғындар сұрақ қойып қана қоймай, түрлі мәселе бойынша өз пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.

Марат Ахметжанов әдеттегісінше аймақ журналистерімен жүздесіп, олардың сауалдарына жауап берді.

Ал даулы мәселемен жүгінген азаматтарды министр жеке қабылдады. Қызмет басшыларымен бірге түйткілді сұрақтың түйінін шешуге атсалысты. Алаяқтарға алданғандар, тергеуге көңілі толмағандар, қылмысы ашылмай әуреге салынғандардың барлығына құқықтық негізде жауап беріп, әрбір істі жеке бақылауға алды.

Министр облыстық полиция департаментінде де болды. Мұражайға соғып, өлке полициясының тарихымен танысты. Айта кету керек, 2019 жылы жаңартылған музей сол жылы Қазақстандағы полиция департаменттері мұражайлары арасында үздік үштікке кірген. Мұражай меңгерушісі Ақбала Едігеқызының сөзінше, кең үш залда 1,5 мыңнан астам құнды жәдігер бар.

Жедел басқару орталығында министр өңірдегі цифрландыру жұмысын көрді. Департамент аумағында орналасқан “Динамо” дене шынықтыру – спорт қоғамының ғимаратын аралады.

Ал қалалық полиция басқармасында ведомство басышысы кабинеттердің жарақтандырылуын тексеріп, жергілікті полицейлердің жұмысын зерделеді.

Сонымен қатар мұнда министр облыстың бас полицейі Аян Дүйсембаевпен бірге басқармадағы “Динамо” спорт кешенінің тұсауын кесті. Бұл ғимарат аймақтағы полиция басшылығының қолдауымен қайта қызметкерлерге берілді. Толық жөндеуден өткен залда енді сақшылар спорттық дайындықтарын арттыра алады.

Абай атындағы мәдениет сарайында Марат Ахметжанов Маңғыстау облысы полициясының жеке құрамымен кездесті. Әріптестерін қызметке адал болуға шақырып, кеткен кемшіліктерді жойып, олқылықтардың орнын толтыруға бірқатар тапсырма берді.

Жиналыс соңында жоғары нәтижелі жұмысымен көзге түскен 15 қызметкерді марапаттады. Олардың қатарында жоғарыда аталған Таушық пен Оңды ауылдарының учаскелік инспекторлары да бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив