Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Абай облысында қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарын жаңғырту және салу жұмыстары қарастырылды

18-04-2024, 17:37 Мадина Айдарова

Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде 28 ауылдық елді мекенде (Абай ауданы – 8, Ақсуат ауданы – 1, Бесқарағай ауданы - 1, Бородулиха ауданы – 4, Жарма ауданы – 2, Көкпекті ауданы – 9, Үржар ауданы-3) қатты-тұрмыстық қалдықтар полигондарын жаңғырту және салу бойынша жұмыстар көзделген. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппараттың кеңейтілген кеңесінде табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айнұр Ақмырза мәлімдеді.

Бүгінгі таңда әрбір елді мекенде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын уақытша орын бар, ол ғарыштық мониторинг деректері бойынша тиісті рұқсаттардың болмауына байланысты рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері болып табылады. Бұл жинау орындарын заңдастыру үшін ҚТҚ полигондарын құру және қажетті рұқсаттарды ресімдеу арқылы оларды экологиялық және санитарлық заңнамаға сәйкес келтіру қажет.

Кеңес барысында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қалалар мен аудандардың әкімдеріне ҚТҚ полигондарын салу жобаларын әзірлеуді бастауды және Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бүгінгі таңда қоқысты сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салуға арналған жобалық-сметалық құжаттаманы тек Ақсуат ауданының әкімдігі әзірледі. Сондай-ақ, Жарма ауданында 2 аяқталмаған ҚТҚ полигоны бар (Шалабай ауылы, Жаңғызтөбе кенті). «Жарма-Тазалық» ЖШС жер учаскелері ресімделді, ЖСҚ әзірленді және жеке сараптама бар. Жарма ауданының әкіміне жобаны аяқтау үшін инвестор тарту жөнінде тапсырма берілді.

Анықтама: «Қазақстан Гарыш Сапары» ҰК ғарыштық мониторинг деректеріне сәйкес 2023 жылы Абай облысының аумағында 357 қалдықтар жиналатын орын анықталды. Семей қаласының әкімшілік аумағында-283 полигон, Бородулиха ауданының аумағында – 57 полигон, Бесқарағай ауданының аумағында – 16 полигон, Жарма ауданының аумағында – 2 полигон бар. Полигондардың 100%-ы нақтыланды және жойылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив