Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қазпошта Ақтөбе халықаралық әуежайында инновациялық терминал-хаб салады

27-02-2023, 12:52 Думан Кенжеғазыұлы

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова Ақтөбе облысында инновациялық пошта терминалы құрылысын іске асыру және өңірде ұлттық пошта операторы қызметін кеңейту туралы екіжақты меморандумға қол қойды.

Осылайша, меморандум аясында «Қазпошта» АҚ қала әуежайы аумағында, инновациялық пошта терминалы-хабының құрылысы үшін, жер телімін беру мәселесі қарастырылған. Бұл Қазақстандағы бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, өңір ішінде және одан тыс жерлерде логистиканы дамыту, сондай-ақ инвестиция тарту мәселелерінде маңызды тетік болады деп жоспарланып отыр.

«Хаб тек Ақтөбе облысын ғана емес, еліміздің барлық батыс өңірлерін де қамтитын болады. Осы жобаның арқасында пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімі айтарлықтай қысқарады. Біз өз тарапымыздан жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.

«Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасы Әсел Жанасова, осы орайда, Ақтөбедегі инновациялық пошта терминалы өңірдегі ғана емес, жалпы Қазақстанның батыс аймақтарында пошта қызметінің дамуына айтарлықтай үлес қосатынын атап өтті. Әсел Жанасованың айтуынша, жаңа хаб жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес салынады әрі заманауи сұрыптау жабдықтарымен жабдықталады.

«Бүгінде интернет арқылы сатып алу жиілігі тұрақты өсуде, сонымен бірге жіберілетін сәлемдемелер саны да артып келеді. Бұл – Қазақстан үшін де өзекті әлемдік тренд. Көрсетілетін қызметті жақсарту мақсатында біз Астана, Алматы және Ақтөбе әуежайларында терминал-хабтар салуды жоспарлап отырмыз. Өңір басшысының қолдауының арқасында Ақтөбе облысы осы жобаны іске асыруға бірінші болып кірісуде. Хаб ашылса, шетелден, мысалы, Америкадан, Германиядан және Қытайдан тауарларды жеткізу мерзімі 45 күннен 10 күнге дейін қысқарады», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы өз сөзінде.

Сонымен қатар кездесу аясында Ақтөбе облысында Қазпоштаның қызметін кеңейтуді әрі өңірде өндірістік нысандар желісін сақтауды көздейтін тағы бір меморандумға қол қойылды. Құжатта облыс аумағын дамыту және мемлекеттік, салалық бағдарламаларда "Қазпошта" АҚ қатысуын қамтамасыз ету, компания бөлімшелері үшін, ауылдық елдімекендерде өтеусіз негізде ғимарат ұсыну, пошта және қаржы қызметтерін көрсету үшін шағын және орта бизнес субъектілерін тартуға жәрдемдесу мәселелері қамтылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив