Cемей-7°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

«Бақты» халықаралық кеден бекеті жаңғыртылып жатыр

23-04-2024, 13:00 Мадина Айдарова

Қазіргі уақытта ҚР Үкіметі «Өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жарақтандыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда («Қалжат», «Алакөл», «Майқапшағай», «Бақты», «Тәжен», «Атамекен», «Қапланбек», «Қазығұрт», «Темір баба», «Жібек Жолы», «Достық»), - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Осы бағдарлама шеңберінде 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Бақты» өткізу пунктін жаңғырту және техникалық жарақтандыру үшін құрылыс-монтаждау жұмысы жүргізілуде. Құрылысты 2024 жылдың 4 тоқсанында аяқтау көзделген.

Жобада өткізу пунктін халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кедендік бақылаудың заманауи техникалық құралдарымен (КБТҚ) жарақтандыру көзделген. Бұл ретте:

- тауарлар мен көлік құралдарын сканерлеу бойынша инспекциялық-тексеру кешендерінің (ИТК) желілерінің санын 1-ден 3-ке дейін ұлғайту;

- автокөлік құралдарының салмақ-габариттік параметрлерін өлшеу бойынша желілер санын 2-ден 7-ге дейін ұлғайту.

Қазіргі заманға сай жолаушылар терминалының құрылысы қарастырылған. Онда азаматтар мен олардың жүгі және қол жүгінің кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жекелеген кіру, шығу желілері көзделген. Әрбір желіде «жасыл» мен «қызыл» дәліздер жүйесі жұмыс істейді.

Өткізу пунктінде автокөлік құралдарын тасымалдауға арналған жолақтар санын 2-ден 6-ға дейін ұлғайту, оның ішінде экспорт пен импортты үш жолақтан ұлғайту жоспарланған.

Сондай-ақ, барлық кедендік қызметтерді толық автоматтандыру және кедендік ресімдеу мен бақылаудың ақпараттық жүйелері арасындағы интеграция болады.

Жобаны іске асыру барысында «Бақты» өткізу пунктінің  қабілетін 8 сағаттық жұмыс режимі кезінде 60 бірліктен 500 бірлік автокөлік құралына дейін, жолаушыларды өткізуді 150 бірліктен 1 000 бірлікке дейін тек бір бағытқа ұлғайту көзделген.

2023 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан-Қытай шекарасында орналасқан автомобиль өткізу пункттері аптасына 7 күн, күніне 12 сағат жұмыс істейді. Жоба іске асқаннан кейін «Бақты» өткізу пунктінің өткізу қабілеті қосымша 50%-ға артады.

Құрылыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік бақылаушы органдар қызметкерлерінің, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен тауар тасымалдаушылардың, сондай-ақ «Бақты» өткізу пунктінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін азаматтардың жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалатын болады.

Нәтижесінде «Бақты» өткізу пунктінің өткізу қабілеті айтарлықтай артады. Тауарлар мен көлік құралдарының мемлекеттік шекарада кедендік бақылауда болу уақыты едәуір қысқарады. Кедендік бақылауды жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар айтарлықтай төмендейді. Бұл жеткізілетін тауарлардың өзіндік құнының төмендеуіне мүмкіндік береді. Ал жасалған қолайлы жағдайлар сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды, сондай-ақ тауарларды отандық және шетелдік тасымалдаушыларды тарту үшін өткізу пунктінің басты ерекшелігі болады.

Бұл өз кезегінде бюджетке түсетін төлемдер мен салықтың көлемін ұлғайтады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив