Сенатта өңірлердің бюджеттік дербестігі мәселесі талқыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары «Өңірлердің бюджеттік дербестігінің деңгейі, жергілікті атқарушы органдардың тексеру комиссияларының және ішкі аудит жұмыстарының қызметі туралы» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Комитет хатшысы Сергей Карплюк дөңгелек үстел отырысын аша келіп, бюджеттердің тепе-теңдігін арттыруда қаржы дербестігін ұлғайту және жергілікті атқарушы органдарды өңірлік экономиканы дамыту мен жергілікті бюджеттердің кірісін көбейтуге ынталандыру жөнінде бірқатар шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
Шара барысында Ұлттық экономика министрлігінің өкілі өңірлердің бюджеттік дербестігін күшейту туралы сенаторларға айтып берді. Жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігі бойынша болжау әдіснамасын жетілдіре отырып, түсім көздерін кеңейту жөнінде кешенді шаралар қамтамасыз етілді. Сонымен қатар негізгі игіліктерге теңдей қол жетімділікті қамтамасыз ету үшін ең төменгі базалық нормативтерді белгілеу және бекіту, сондай-ақ бюджетті жоспарлау кезінде өңірлік стандарттар жүйесін қолдану көзделіп отыр. Өткен жылы оларды іске қосу үшін мемлекеттік органдармен инженерлік-коммуникациялық, көліктік және өзге де инфрақұрылым саласындағы нормативтік актілерді тексеруге қатысты жұмыс жүргізілгенді.
Қаржы министрлігінің өкілі өз кезегінде қаржылық бақылаудан аудитке көшу - ішкі аудит қызметі мен тексеру комиссиялары кіретін барлық мемлекеттік аудит органдарының бірінші кезектегі міндеті – заң талаптарын бұзудың алдын алуға бағытталғанын атап өтті. Уәкілетті орган ішкі мемлекеттік аудит саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда заңнама жаңалықтарының бірі – ішкі аудит қызметіне аудитті электрондық форматта жүргізу құқығын бекіту болып табылады. Электрондық аудит қабылданып жатқан шаралардың жоғары тиімділігі мен жеделдігін ғана емес, сонымен қатар тікелей байланысты болдырмау есебінен сыбайлас жемқорлық қауіптері барынша азайғанын, сондай-ақ іссапар шығынын қысқарту есебінен үнемділікті көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, шараға жоғары аудиторлық палатасының, барлық облыстар әкімдіктерінің және тексеру комиссияларының өкілдері қатысты.
(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)