Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
474.83 515.38 5.5

Абай облысында «WORLDSKILLS ABAI – 2024» өңірлік чемпионаты өтуде.

24-04-2024, 21:15 Мадина Айдарова

Қатысушылар 57 құзыреттілік бойынша сынға түсті. Нақтырақ айтар болсақ, Облыстың 29 колледжінен командалар қатысып, 200-ден астам студент өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсету үстінде. 

Жұмысшы мамандықтары бойынша жастар біліктілігін 200 сарапшы бағалайды. Студенттер мамандықтарына қарай берілген тапсырманы уақытылы орындауы тиіс. Басты көңіл бөлетін нәрсе-сапа. Жұмыс, тиянақты әрі жүйелі жасалынуы тиіс. Бұл жастардың болашақтағы еңбек жолына деген алғашқы қадамдары болып табылады.

2023 жылы Абай облысының студенттері 6 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алып, еліміз бойынша үздік атанған болатын. Ұйымдастырушылар биылғы жылы да іріктеуден өткен студенттер республикалық сында жүлдемен оралатындарына сенім білдірді.

«Worldskills Абай чемпионатына жылдан жылға қызығушылық артып келеді. Былтыр 23 колледж қатысса, облысымыздан биыл 29 колледж қатысып жатыр. Бір-бірімен сайысқа түсіп жатқан қатысушылардың да, сарапшылардың да деңгейлері өте жоғары. Сондықтан, республикалық чемпионатқа біздің Абай облысымыздан құрылатын ең мықты құрама командасы жылдағыдай жоғары деңгейді көрсетеді деп үміттенеміз»,- деді, техникалық және кәсіптік білім беру әдіскері Мейрамгүл Аукишева.

Чемпионат қорытындысы мен марапаттау рәсімі 26 сәуір күніне жоспарланған. Жеңімпаз облыс құрамасы күзде өтетін республикалық кезеңге жолдама алады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив