Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Курчатовта Ұлттық ядролық орталықтың қызметкерлері сенбілік өткізді

24-04-2024, 21:22 Мадина Айдарова

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда, - деп хабарлайды 018.kz тілшісі Мадина Айдарова Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының қоршаған ортаны тазарту және жақсарту жөніндегі бастамасын қолдай отырып, Курчатов қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының қызметкерлері сенбілік ұйымдастырды.

Сенбілікті өткізу жөніндегі бастама тікелей Ұлттық ядролық орталық қызметкерлерінен келді. Іс-шараға 500-ден астам қызметкер қатысты.

Нәтижесінде құрылыс қоқыстары шығарылып, бетон қоршаулар мен жолдардың бір бөлігі қалпына келтірілді. Құрғақ ағаштар кесіліп, аумақ тұрмыстық қоқыстардан тазартылды.

Орталықтан 1450 тонна қоқыс жиналып, шығардылды. 25 бірлік ауыр техника, оның ішінде: тиегіштер, крандар, жүк машиналары және т. б. жұмылдырылды.

Айта кету керек, бұл бір реттік іс-шара емес. Ұлттық ядролық орталық әрдайым қала өміріне, аумақтарды абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді қатысады. Жұмыс әрі қарай да жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив