Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында жыл басынан бері 1,2-ден астам тексеру жүргізді
ҚР Әлеуметтік кодекс қолданысқа енгізгелі 2023 жылғы 1 шілдеде елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді, оның құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.
2024 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 1201 тексеру жүргізді, оның 269-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 668-і прокуратураның талабы бойынша жүргізілді.
Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 57, дәріханалар – 10, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 34, ДК – 21, мектептер – 650, дүкендер – 9, жергілікті атқарушы органдар басқармалары – 26, мәдениет үйлері – 6, мұрағат, мұражайлар – 6, банк филиалы – 4, балабақшалар – 1, колледждер, лицейлер – 3, кафе, мейрамханалар, қонақ үйлер – 3, нотариус – 1, мемлекеттік мекемелер – 10, ауруханалар мен емханалар – 15, санаторийлер – 2, сауда үйлері – 7, қазпошта филиалдары – 3, полиция пункттері – 3, стоматология – 2, оңалту орталықтары – 2, автобус паркі – 1, кітапхана – 1, БЖСМ – 1 және басқалар.
Осылайша, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның өтініші негізінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша дәріхана мен сауда үйіне жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.
Сонымен қатар, өңірлердегі әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларын жүргізуде оң динамиканы атап өтті.
Мәселен, Жетісу облысының тұрғыны, бірінші топтағы мүгедек Вадим Друзиннің айтуынша, меншік иелері нысандарды құрылыс нормаларына сәйкес келтіруге тырысуда.
«Көптеген кәсіпкерлер, сол сияқты мемлекеттік мекемелер мүгедектігі бар адамдардың шағымдары мен ұсыныстарын ескере отырып, кіреберістерді қайта қарауда. Назарбаев к-сі, 81 мекенжайында орналасқан «ГУМ» сауда үйіне барған кезде ол мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділігіне таң қалды. Сондай-ақ жақында KMF Банктің бөлімшесіне барды, онда кіреберістер қайта жаңартылып, кіру алаңы кеңейтілді, кресло-арбадағы мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы касса, тактильді тақтайшалар мен көрсеткіштер орнатылды. Бұл қала тұрғындары, оның ішінде біздер көп баратын орындар», – деді ер адам.
Сонымен қатар, ҚР Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері 2024 жылғы 1-тоқсанда 854 тексеру жүргізіп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы 372 ұйғарым берді, 81,2 млн теңгеден астам сомаға 344 айыппұл салды.