Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Облыста ағаш егу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

27-04-2024, 15:23 Думан Кенжеғазыұлы

Облыстың аудандары мен қалаларында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ағаштар отырғызылуда.


Жаңасемей ауданында ағаш көшеттерін егу және әктеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, акция аясында ағаштардың түбін тазарту, әктеу жұмыстары жасалып, саябақтар қоқыстан тазартылды.


Үржар ауданында 5 000-нан астам көшет отырғызылды, 3 160 тал ақталды. Қураған бұтақтарды кесу, тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Нәтижесінде 60 тонна қатты қалдықтар шығарылды. Тазалауға 21 техника жұмылдырылған.


Абай ауданында саябақтар, скверлер аумағында 250 шырша, 1 500 қарағаш, 500 терек және 200 үйеңкі отырғызылды. Сондай-ақ, ескерткіштер мен тарихи-мәдени нысандардың аумақтарын жинау жұмыстары жүргізілді.


Көкпекті ауданында «Менің ағашым» атты аудандық акция басталды. Іс-шара барысында аудан орталығындағы Жеңіс саябағында 300 көшет отырғызылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив