Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
499.51 525.83 4.62

Биыл 6 облыстың ауыл шаруашылығы алқаптарына су беруді жақсарту үшін 390 шақырымнан астам суару арнасы тазартылды

30-04-2024, 17:26 Мадина Айдарова

Су ресурстары және ирригация министрлігі ауылшаруашылық алқаптарына су беруді жақсарту үшін суару желілерін тазарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда биылға жоспарланған 564,1 шақырым арнаның 390 шақырымнан астамы тазартылды.

Тазарту жұмыстарын «Қазсушар» филиалдарының қызметкерлері жүргізеді. Атап айтқанда, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының суару желілері (20,1 шақырым), Батыс Қазақстан (79,6 шақырым), Шығыс Қазақстан (50 шақырым), Қызылорда (116,1 шақырым), Түркістан (121,6 шақырым) және Жетісу (176,7 шақырым) облыстарының суару желілері тазартылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған.

«Су ресурстарын барынша тиімді пайдалану және үнемдеуді қамтамасыз ету үшін біз желілерді тазарту бойынша қарқынды жұмыс жүргіздік. Сондай-ақ, біздің министрлік суару маусымына дайындық үшін 110 су шаруашылығы нысанына жөндеу жүргізуде. Сонымен қатар, су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында жұмыс жүргізіліп жатыр»,– деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив