Cемей10°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Сауд арабиясына қазақстандық агроөнім экспорттаушылардың тізбесі кеңейтілді

27-02-2023, 20:16 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы, Қазақстанның САК-тағы Елшілігі арасындағы ынтымақтастық шеңберінде, сондай-ақ «QazTrade» АҚ-ның ақпараттық қолдауымен Сауд Арабиясына экспорттау құқығы бар кәсіпорындар тізілімінде қазақстандық компаниялардың саны ұлғайды.

Атап айтқанда, тізілімге ет өнімдерін өндірушілер кірді: «Жаңа-Береке» ЖШС, «ASTANA AGROPRODUCT» ЖШС, «Arai KZ» ЖШС, «Karasu-Et» ЖШС, «Kostanay Agro Product» ЖШС, «Абай» ЖШС, Halal KASSAB ЖШС, «Merke-et combinaty»ЖШС, «MB4» ЖШС, «Агрофирма ТҰК» ЖШС, «Мясокомбинат Бижан» ЖШС, «KazBeef Processing» ЖШС, «Қайыңды» ЖШС.

Сондай-ақ, бал экспорттаушылар тізіміне «Алтай сыйлықтары» ШҚ қосылды.

Осылайша, қазіргі уақытта қазақстандық ет өнімдерінің 14 кәсіпорны мен бал өндірушілердің 14-і КСА-ға импорттаушылардың тиісті тізілімдерінде тұр.

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 16,5 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 90,5%-ға жоғары (8,6 млн доллар). Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР-дан САК-қа экспорт көлемі 14,2%-ға төмендеп, 4,7 млн долларды құрады.

Қазақстан Сауд Арабиясына нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, ферроқорытпаларды, сұйық сорғыларды, арнайы мақсаттағы машиналар мен механикалық құрылғыларды, өзге де қара металдардан жасалған бұйымдарды, өзге де қара металдардан құйылған бұйымдарды, тас көміді, карбидтерді, геодезиялық немесе топографиялық аспаптар мен құралдарды, топырақты сұрыптауға және ұсақтауға арналған жабдықты жеткізеді.

Сауд Арабиясынан Қазақстанға импорт 2022 жылы 3,7 есе өсіп, 11,8 млн долларға жетті.

Сауд Арабиясынан импортталатын негізгі тауарлардың қатарына тоқыма емес материалдар, құрамында азот бар басқа функционалдық топтармен қосылыстар, сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды шашыратуға немесе бүркуге арналған механикалық құрылғылар, қант, бояулар мен өзге де лактар, сулы емес ортадағы синтетикалық полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар, өзге де бояғыш заттар, қара металдардан жасалған құбырлар, түтіктер және жіксіз профильдер жатады.

Сауд Арабиясына экспорттаушылар тізіліміне енгізу үшін мүдделі қазақстандық кәсіпорындардың тізбесін жасау мәселелері бойынша мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +77785061312 Ожет Шегірбаев, + 77082528869 Асылхан Қабдолла.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив