Ақмола облысында құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелері жұмысы таныстырылды
Ақмола облысына құқық қорғау органдарының цифрлық жүйелерінің жұмысымен танысу үшін министрліктер мен ведомстволардан делегация барды.
30 сәуірде ІІМ, Бас прокуратура, ЦДИАӨМ, Қаржы министрлігі, “Мемлекеттік техникалық қызмет” АҚ өкілдерінен құралған жұмыс тобы ҚР ІІМ Министрінің орынбасары Сәкен Сәрсеновтың басшылығымен Ақмола облысына барды.
Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашевтің шақыруымен делегация бірінші кезекте “Азаматтарға арналған үкімет” МК ҰАҚ Ақмола облысы бойынша филиалында болды. Онда қонақтардың назарына “ЖТБС” – “Жеке тұлғаны биометриялық сәйкестендіру” автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің және штаттық режимде жұмыс істейтін цифрлық құжаттау терминалының жұмысы ұсынылды.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтарында Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру бойынша 32 дактосканері бар “MESA” бағдарламасы орнатылған 21 пункт жұмыс жасайды. Ал 20 дактосканермен қалалық басқармалар мен полиция бөлімдерінде жұмыс істейді.
Қазақстандықтар үшін және шетел азаматтары үшін міндетті ерікті рәсімнен 6,5 мыңнан астам адам өтті.
Сапар барысында жұмыс тобына Ақмола облысы полиция департаментінің базасында бухгалтерлік және кадрлық есепке алуды жүргізу процесін цифрлық автоматтандыру, сондай-ақ “EkinPatrolG2”, “АвтоУраган-МС” жылжымалы мобильді кешендері, “PelcoVideoXpert” жүйесі, мобильді байланыс кешені, радиобайланыс құралдары, БПЛА, антидрон және т. б. түріндегі материалдық-техникалық база ұсынылды.
Жедел басқару орталығында делегация техникалық жүйелерге, атап айтқанда, үздіксіз бейнебақылау жүйесіне, “Омниканальность”, “Әлеуетті таксист”, “Цифрлық учаскелік” сервистеріне, “Қорғау”, “KazTool” қосымшаларына, онлайн режимде смартжетондарға қашықтан қосылуға және т. б. талдау жүргізді.
Сол күні Ақмола облысының прокуратурасында министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Онда біртекті әкімшілік құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын адамдарды анықтауға, талдау жүргізуге, құқық бұзушылармен профилактикалық жұмысты тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды.
Одан әрі делегация Көкшетау қаласы М. Ғабдуллин атындағы №3 мамандандырылған гимназия КММ-де болды. Онда қауіпсіздік ұйымы зерттеліп, “Alaqan Mektep” биометриялық сервисіне практикалық бағалау жүргізілді.
Сондай-ақ үздіксіз бейнебақылау жұмысымен және адам мен багажды жеке тексеру үшін орнатылған рентген-телевизиялық жабдықпен танысу мақсатында жұмыс тобы Гранитный кенті мен Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ведомстволық бағынысты мекемелеріне барды.
Сапар соңында делегация Щучинск қаласы полиция бөлімінің кезекші бөлімінің қызметімен танысты, жұмыс тобы цифрлық кешендердің, “Бұлтты бейнебақылау”, “CyberPol” жобасының жұмысына талдау жүргізді, сондай-ақ инспекциялаудың алдын ала қорытындылары шығарылды.