Н. Сағындықова Түркістан облысының тұрғындарына әлеуметтік қолдау шараларын күшейту туралы айтып берді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова Түркістан облысына жұмыс сапары шеңберінде халықпен: үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен, жұртшылықпен, әлеуметтік мекемелер ұжымдарымен кездесулер өткізді. Ол мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру шаралары туралы, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау, қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы айтты.
Назгүл Сағындықова өңірге жұмыс сапарын 2024 жылғы тамызға пайдалануға берілетін мүгедектігі бар адамдарға арналған 200 орындық «Самғау» оңалту орталығы құрылысының барысымен танысудан бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік әкімдіктермен бірлесіп 2025 жылға дейін ересектер мен балаларға арналған 12 оңалту орталығын салу бойынша жұмыс жүргізуде. Олардың біріншісі Семей және Тараз қалаларында ашылған.
Бұдан басқа, елдің алты өңірінде аутистік спектрі бұзылған және басқа да ментальдық бұзушылықтары бар балаларға арналған күндіз болу орталықтар ашылды.
Түркістан қаласының тұрғындарымен кездесу барысында вице-министр жаңа әлеуметтік саясаттың іске асырылуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Осылайша, ана мен баланы әлеуметтік қолдау әлеуметтік көмектің көп деңгейлі жүйесі арқылы жүзеге асырылады және бала тууды ынталандыруға және отбасында балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесуге, сондай-ақ көп балалы аналардың абройы мен беделін арттыруға бағытталған.
Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және оларды қоғамға әлеуметтік ықпалдастыру мақсатында кешенді шаралар қабылданды.
Назгүл Сағындықова биылғы жылы Министрлік жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды, олар әділ қоғамды дамытудың басты факторы болады: ҚР инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу және қабылдау; әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін трансформациялау, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін цифрландыру.
Жұмыс сапары барысында вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Сондай-ақ, Назгүл Сағындықова тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған № 4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, мекеменің жұмысымен танысып, қызмет алушылармен кездесті.
Бұдан басқа, вице-министр жастарға арналған қайтарымсыз гранттар мен микрокредиттер нәтижесінде өз ісін ашқан тұлғалардың дайын өнімдерінің көрмесімен танысты.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Түркістан облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 1 793 грант беру жоспарлануда (400 АЕК немесе
1 476 800 теңге көлемінде). Құжаттарды қабылдау процесі толығымен автоматтандырылған және business.enbek.kz. портал арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.
Жұмыс сапары аясында Назгүл Сағындықова ҰОС ардагері
Немет Әбдірасыловты Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығымен құттықтады.