Семейде полиция кешенді күштерінің гарнизондық тарату жиыны өтті
Семейде полиция кешенді күштерінің гарнизондық тарату жиыны өтті, оған қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.
2023 қала бюджетінен жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша қаражат бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Орталық және Мұхтар Әуезов атындағы алаңда тұрақты Полиция бекеттері орнатылды. Атты полиция қызметі жасақталып, "Сергек-Патруль” жүйесі толықтай жаңартылды. Кешенді атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кримогендік жағдай тұрақталып, қылмыс 60%-ға қысқарды. Қоғамдық орындарда, аялдамаларда, жерасты өткелдеріне “Сергек” жүйесі іске қосылып, құқықбұзушылық анағұрлым азайды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қала басшысы бірқатар тәртіп сақшыларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады. Полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев БАҚ өкілдері мен қала әкіміне қызметтік автокөліктер мен атты гвардияны таныстырды. Жиын соңыңда полицейлердің қатысуымен салтанатты марш өтті.