Семей қаласының әкімі үздік полицейлерді марапаттады
Семейде полиция кешенді күштерінің гарнизондық тарату жиыны өтті. Оған алғаш рет қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты. Іс-шараның негізігі мақсаты - ағымдағы жылы тәртіп жүйесіндегі атқарылған жұмыстары қорытындылау.
Биыл қала бюджетінен жергілікті полиция қызметінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша қаражат бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылды.
Атап айтқанда, Орталық және Мұхтар Әуезов атындағы алаңда тұрақты Полиция бекеттері орнатылды. Атты полиция қызметі жасақталып, «Сергек-Патруль» жүйесі толықтай жаңартылды. Кешенді атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кримогендік жағдай тұрақталып, қылмыс 60%-ға қысқарды. Қоғамдық орындарда, аялдамаларда, жерасты өткелдеріне «Сергек» жүйесі іске қосылып, құқықбұзушылық анағұрлым азайды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында қала басшысы бірқатар тәртіп сақшыларына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады. Полиция басқармасының бастығы Қайрат Әбдіғалиев БАҚ өкілдері мен қала әкіміне қызметтік автокөліктер мен атты гвардияны таныстырды. Жиын соңыңда полицейлердің қатысуымен салтанатты марш өтті.