Аягөздік 150 белсенді жас «Мөлдір бұлақ» апталығына қатысты
«Туған елдей ел болмас, Туған жердей жер болмас» дегендей әр адам туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін тазалықтан бастауы керек.
Осыған орай, ел аумағында Мемлекет басшысының тапсырмасымен өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына Аягөз өңірінің жастары да белсенді атсалысып жатыр.
Әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша науқанның бесінші аптасы «Мөлдір бұлақ» апталығына 150-ге жуық жастар белсене ат салысты.
«Аялаған Аягөз» атауымен Аягөз өзенін тазалау қолға алынып, сенбілік қатысушылары өзен жағасын тазартып, 10 тонна күл-қоқыс жиналып, 2 техника жұмылдырылды.
«Алдағы уақытта да осындай сенбіліктер жалғасын тауып, ауданның тазалығы баршамызға ортақ болады деген сенімдеміз. Қазақта «Ауылына қарап азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Әрбір азамат көше тазалығын өз ауласынан бастап, туған жерінің көркеюіне осылай үлес қосса, еліміздің әрбір өңірі гүлдене берері ақиқат»,- дейді Аягөз ауданының мәслихат депутаты, Аягөз ауданы әкімдігінің жастар ресурстық орталығының директоры Бахтияр Абен.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІ