Көкпекті ауданының тұрғындары соғыс ардагерінің бақшасында сенбілік өткізді
Көкпекті ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшелері аудан жастарымен бірлесіп «Таза Қазақстан» эко-акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында Жеңіс күніне орай «Илья бұлағы» бағында сенбілік өткізіп, бұлақ көздерін тазартты.
Бұл бақшаны өз қолымен Ұлы Отан соғысының ардагері Илья Бирюков салған. Ол терек пен жеміс-жидек талдарын отырғызған. Содан бері бұл жер аудан тұрғындары үшін сүйікті демалыс орнына айналды. Жыл сайын аудан жастары мұнда сенбіліктер өткізеді.
Болашақта бояу және әктеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ осы саябақтағы қоршауларды жөндеу жоспарлануда.
«Бұрын бұл саябақтың орнында Көкпекті ауылының Құмар Раев атындағы балалар үйінің бақшасы болған. Әкем бала кезден бізді осы орынға алып келіп, табиғатқа деген сүйіспеншілікті үйретіп, өзі бастаған ісін маған тапсырды. Содан бері бұлақтың артында «Ильинский» атауы пайда болды. Бұл бұлақ біздің отбасылық құндылығымыз болып табылады және оған қамқорлық Бирюковтар әулетінде ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатыр», -деді ардагердің ұлы Владимир Бирюков.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керекАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі