Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

«Abai CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті

13-05-2024, 10:09 Мадина Айдарова

Абай облысының әкімінің кубогына арналған «Abai CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды. Турнирге еліміздің әр өңірінен ұшқыр ойлы, тапқыр да талантты 32 команда қатысып, екі күн бақ сынасты.

Турнир қорытындысы бойынша  «Abai CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары болып Шыңғыс Нұркен мен Шыңғыс Теңсізбек атанып, 300 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Турнир финалистері Р. Өмірбаев, Ш. Таңатқызы, Н. Күздеубаев, Н. Қадырғазыев, А. Абутали, Д. Сериков атанып, оларға 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйлық табысталды.

Сондай-ақ, пікірсайыс турнирінде «Үздік төреші» аталымымен Ботагөз Сағымбекова, «Үздік спикер» номинациясымен Райымбек Өмірбаев марапатталып, 50 мың теңге қаржылай сыйлық берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив