Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
475.39 513.37 5.4

Аймақ басшысы әлеуметтік желі арқылы шағымданған тұрғындармен кездесті

13-05-2024, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы бірнеше нысанды аралап, әлеуметтік желі арқылы түскен шағымдарға сәйкес облыс орталығының тұрғындарымен кездесті.

Сол жағалаудағы Народная көшесіндегі 33 үйдің тұрғындары үй ауласындағы абаттандыруға шағымданған еді. Атқарылуға тиісті жұмыстың орындалмауына аула ішіндегі жылу желілерін ауыстыру себеп болған. Сол жағалаудағы орамішілік жолдарды жөндеу шеңберінде аула аумағын асфальттау жоспарланған.

Сондай-ақ, «Треугольник» ауданы тұрғындары жол, Автодорожная көшесін жарықтандыру бойынша өтініш қалдырған. Аталған көшені жарықтандыру «ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы (МЖӘ)» АҚ-ның теңгерімінде. Алайда жарықтандыруды күтіп ұстау шартының болмауына байланысты жергілікті құзырлы органдарға жөндеу жүргізу мүмкін емес. Осыған қарамастан аталған мекемемен арада сот процестері жүргізілуде. Ол аяқталысымен жарықтандыруды қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі.

Сонымен бірге тұрғындар осы аудандағы балалар алаңының бүгінгі жағдайы мен темір гараждардың маңайына жиналған қоқыс, Бозтаев көшесі арқылы жаяу жүргіншілер үшін бағдаршамның қажеттілігі жайында өз өтініштерін жеткізді.

Юность кентіндегі 67 үйдің тұрғындары ауладағы қураған ағаштардың қауіптілігі жайында өтініш білдірген болатын. Бұл мекенжайдағы ағаштар кесілетін ағаштар тізіміне енгізілген. Қазіргі уақытта осы жұмыстарды орындау үшін мердігер ұйымды таңдау бойынша конкурстық рәсімдер өтуде. Аймақ басшысына аталған үй тұрғындарынан бөлек көршілес көпқабатты үйлердің тұрғындары да өз өтініштерін айтты. Солардың арасында кварталішілік жол, аулаларды абаттандыру, аудандағы бос тұрған ғимараттың балалар үшін қауіптілігі жайлы сөз қозғады.

«Облыс мәртебесін алғанымызға көп уақыт өтпегенін өздеріңіз де білесіздер. Семейдің облыс болғанға дейінгі жағдайы барлықтарыңыздың көз алдарыңызда. Соған қарамастан, бүгінге дейін 100-ге жуық ауланы ретке келтірдік. Қала бойынша 572 ауланың бар екенін ескерсек, олардың барлығын қысқа мерзімде қалпына келтіру мүмкін емес. Бірақ, қол қусырып, қарап отырмыз деп айтуға болмайды. Көшелеріміз де рет-ретімен жөнделіп жатыр. Бұл біздің қаламыз. Сондықтан, оны жаңарту бәрімізге ортақ іс», - деді әкім.

Аймақ басшысы өзімен жүздескен әр тұрғынның өтінішіне мұқият ден қойып, әр істі жіті қадағалауына алатындығын айтты. Бүгінгі көтерілген мәселелер бойынша орынбасары Димитрий Гариковқа, қалалық ТҮКШ, Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдері басшыларына қысқа мерзімде шешу жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив