Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
475.39 513.37 5.4

Қарулы күштер Бас штабының бастығы Алматыға жұмыс сапарымен барды

13-05-2024, 16:17 Мадина Айдарова

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында болды.

Ол әскери институт бастығы генерал-майор Бауыржан Ибатулиннің баяндамасын тыңдап, оқу-материалдық базаның жай-күйін, оқу бағдарламаларын іске асырудың толықтығы мен «Сардар» курсын ұйымдастырудың сапасын тексерді.

Жұмыс сапары барысында генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов «Айбын-2024» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтетін «Әли» оқу орталығындағы лагерь қалашығының құрылысымен танысты. Биылғы жиын Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдық мерейтойына арналған.

Сапар қорытындысы бойынша генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов оқу процесінің мазмұнын одан әрі жетілдіру және халықаралық деңгейдегі іс-шараны өткізу үшін инфрақұрылымдық нысандарды дайындау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив