Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

Су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

15-05-2024, 17:26 Мадина Айдарова

Атырау облысының Құлсары қаласында су басқан 14 үйден су сору жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 291 754 текше метр су сорылды, 33 400 қапшық және 870 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг, Құрманғазы ауданында бөгеттерді нығайту жұмыстары аяқталды. Махамбет ауданы Талдыкөл ауылының айналасында үйінді бөгет салу жұмыстары жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 15 күнде  су басқан 3 401 үй мен 667 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сору сорылды. Қызылжар ауданында еріген қар суы сору жұмыстары аяқталды. Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында қуатты су сору техникасын пайдалана отырып, 47 жеке тұрғын үй мен 83 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда. Тұрғындарды Заречный кентіне тасымалдау жалғастырылуда, олардың бір бөлігі өз үйлеріне оралуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 2 450 қапшық пен 280 тонна инертті материал төселді.

Республика бойынша 61 151 адам өз үйлеріне оралды. 5 360 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 20,5 млн еріген қар суы сорлып, 11 264 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 062   адам, 983 техника, 352 су сору құралы және 66 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив