Cемей-17°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
523.72 544.09 5.2

Ұлттық палата сапа және қауіпсіздік саласындағы сертификаттарды бермейді

28-02-2023, 17:24 Думан Кенжеғазыұлы

Әлеуметтік желілерде, атап айтқанда журналист және «Казахский чуваш» Telegram-каналының авторы Кирилл Павлов «Атамекен» Ұлттық палатасы сапа сертификаттарын ашық саудасын жүргізіп жатқанын» хабарлады. Осыған байланысты Ұлттық палата сапа және қауіпсіздік сертификатын беруді жүзеге асырмайтынын хабарлайды.

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы туралы» Заңы 14-бабының 7)тармақшасына сәйкес «Атамекен» ҰКП тауардың шығу тегі туралы сертификат беруді жүзеге асырады.

Тауардың шығу тегі туралы сертификат беру қағидалары ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен бекітілген.

«Атамекен» ҚР ҰКП сапа және қауіпсіздік сертификатын шығармайды.

 Анықтама:

 Ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификат («СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат) реттелетін сатып алу шеңберінде өнім берушіге қазақстандық тауарларды жеткізу кезінде талап етіледі.

Экспорттық формасындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттар (СТ-1, СТ-2, СТ-3, EAV, А, түпнұсқа) межелі елде тарифтік преференциялар (Кедендік баждарды азайту немесе босату), тарифтік емес реттеу (тыйым салу, тауарды әкелуге/әкетуге шектеулер) алу үшін рәсімделеді.

 Ал сапа сертификаттары мен сәйкестік сертификаттарын нарықтағы сәйкестікті растау жөніндегі органдар береді. Мұндай ұйымдарды ҚР МТИ ведомстволық бағынысты ұйымы аккредиттейді.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы бойынша сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив