АШМ әкелінетін шикі құрақ қанттың нысаналы мақсатын растауға өтінімдерді 2024 жылғы 17 мамырдан бастап қабылдайтынын хабарлайды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 14 мамырдағы № 158 «Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 17 мамырдан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі құрақ қанты шикізатын әкелуге арналған Қағидаларға сәйкес тауарлардың нысаналы мақсатын растауды алуға өтінімдер қабылдауды бастайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 1701 13; 1701 14 субпозициялар). Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік өңдеуге арналған 300 000 (үш жүз мың) тонна мөлшерінде.
Растауды алу үшін өтініш беруші Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
- олардың негізінде шикі құрақ қантты әкелуді жүзеге асыру жоспарланатын келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері;
- декларацияланатын тауардың төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмелері;
- құрақ қанты шикізатын әкелуді жүзеге асыратын ұйым мен оның өнеркәсіптік өңделуін жүзеге асыратын ұйым арасындағы келісімшарттардың (шарттардың) көшірмелері (құрақ қанты шикізатын өнеркәсіптік өңдеуді жүзеге асыратын ұйым оны әкелген жағдайда ұсынылмайды).
Өтінімдер уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол (Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 3 кіреберіс) немесе электрондық почта оffice@minagri.gov.kz арқылы қабылданады.
Сұрақтар бойынша телфон: 8 (7172) 555-763.
Қағидалардың қосымшасымен сілтеме арқылы танысуға болады:
Қазақстан Республикасының аумағына құрақ қанты шикізатын әкелудің кейбір мәселелері туралы