Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Бесқарағай ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

18-05-2024, 09:21 Мадина Айдарова

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында Бесқарағай ауданында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтуде.

Аудан орталығында Бесқарағай, Глуховка, Долон ауылдық округтерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Тұрғындарға нарықтық бағадан 10-20% төмен бағамен өнім ұсынылды.

Жәрмеңкеге аудан әкімі Талғат Мұратов қатысты.

«Біз көптеген табиғи өнімдерді әкелдік. Сатылымда тек ет қана емес, күнбағыс майы, сүт өнімдері мен көкөністер де бар», - деді аудан әкімі Талғат Мұратов.

Жәрмеңкеде тұрғындар ет, картоп, көкөністер, сүт, нан-тоқаш өнімдері, күнбағыс майы және басқа да ауылшаруашылық өнімдерін тиімді бағамен сатып ала алды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив