Cемей29°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстандық спортшылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

1-03-2023, 09:54 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстандық жасөспірімдер Илья Мизерных, Илья Шильников және Софья Шишкина «Азия балалары» халықаралық турнирінде 3 медаль жеңіп алды.

Ұлттық құрама қоржынында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль бар.

«Азия балалары» халықаралық қысқы ойындары Ресейдің Междуреченск қаласында өтіп жатыр. 28 ақпанда шаңғы трамплинінен секіру сайысы өтті. Спорттың бұл түрінен көптеген елдерден келген 30-дан астам спортшы жүлдеге таласты.

«Мұндай турнирлерге қатысу және жеңіске жету жасөспірімдеріміз үшін құнды тәжірибе. Сондай-ақ бұл елімізде қысқы спорт түрлері дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетеді. Жас спортшыларға шеберліктерін жетілдіру және шыңдау үшін мықты қарсыластармен бәсекелесу өте маңызды. Балаларды осы жетістіктерімен құттықтаймын және оларға болашақта да жарқын жеңістер тілеймін», - деді ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив