Cемей1°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
474.08 558.28 6.26

Сауд Арабиясына қазақстандық өнімді экспорттаушылардың қатары артты

1-03-2023, 10:26 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сауд Арабиясының Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде және Қазақстанның Корольдіктегі Елшілігінің қолдауымен, Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне Комитеттің кепілдігімен  тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания  енгізілді.

Осылайша, тізілімде Сауд Арабиясының аумағына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алатын барлығы 34 отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісі бар.

Тізімнің қазіргі нұсқасымен сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/vetcontrol/documents/details/432599?lang=kk&parentId=1396

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив