Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай-33°С
  • Аягөз-39°С
  • Ақсуат-33°С
  • Бородулиха-26°С
  • Қалбатау-31°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-33°С
  • Үржар-30°С
441.58 480 4.86

Светлана Артюшина

Фотограф Светлана Артюшина сегіз жыл бойы кәсіби фотографиямен айналысады. Осы уақыт ішінде ол бірнеше рет қалалық, облыстық, республикалық және тіпті халықаралық байқаулардың бірнеше мәрте жүлдегері және жеңімпазы атанды.

Фотограф өз жұмысында Семей қаласын өзін жақсы көргендей әдемі және керемет қылып көрсетеді. 
Светлананың айтуынша, Семейдің әр көшесі мен ғимараты өз құпиялары мен тарихын сақтайды.

Оның қанжығасында бірқатар ауқымды байқауларда жүлделі орындар бар. 2021 жылдың желтоқсан айында Абай атындағы театрда Светлананың жеке көрмесі өтті, оған 30 Фото жұмыс кірді.

Оның айтуынша, Семей – фотографтың шығармашылық әлеуеті үшін нағыз алаң. Мұнда көптеген әдемі және тарихи орындар бар. Светлана объективінде қалалық мешіттер ерекше орын алады.

Светлана барлық қалалық іс-шараларға қатысуға және жаңа бұрыштарды ашуға тырысады. Бұқаралық іс-шаралардан фоторепортаждар түсіру оған қызықты. Светлана әз-Наурыз бен Сабантой мерекелерін ерекше атап өтеді.

Светлананың айтуынша нағыз фотографтың фотоаппараты оның ажырамас бір бөлігі. Әрине, ол қазіргі әлемде кәсіби камераны сәнді iPhone-ға оңай алмастыра алатындығын жоққа шығармайды, бірақ Светлананың өзі әлі де кәсіби камерамен жұмыс істегенді құп көреді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив