Қазақстандық десантшылар Беларусьте өтіп жатқан «Көгілдір береттер» кәсіби жарыстарына қатысуда
103-ші Витебск дербес гвардиялық әуе-десанттық бригадасының «Лосвидо» полигонында «Ерлік пен шеберлік» төсбелгісін тағу құқығына арналған жарыстар ашылды.
Жарысқа қатысушыларды Беларусь Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы генерал-майор Вадим Денисенко қарсы алды.
Витебск қаласының маңындағы полигонға сынақтан қатысу үшін Арнайы операциялар күштері әскери бөлімдерінің, Батыс жедел қолбасшылығының әскери қызметшілері, Беларусь Әскери академиясының өкілдері және Қазақстан Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әскери ызметшілері келді. Вьетнамнан келген делегация бақылаушы ретінде қатыспақ.
Жарыс орнына күні бұрын келген қазақстандық десантшылар жағдайды зерделеп, Ми-8МТВ-5 тікұшағынан секіру үшін 4 сериялы Д-6 парашют жүйелерін жауынгерлік төсеу бойынша дайындық іс-шараларын өткізді.
Сынақтар барысында олар 600 метр биіктіктен қару-жарақпен, қажетті жабдықтар жиынтығы бар жауынгерлік рюкзак жиналған жүк контейнерімен және кеудеге бекітілген М Р-255ПП іздеу қабылдағышымен секіру алаңына парашютпен секіруі тиіс.
Қону кезінде десантшылар парашютті жинау және жинақтау пунктіне жету нормативтерін жылдамдыққа орындайды. Онда олар бірден жаңа міндетке, яғни азимутпен жүруге кіріседі. Бұдан басқа, атыс, инженерлік және әскери-медициналық дайындық, радиациялық, химиялық және биологиялық қарудан қорғау жөніндегі нормативтерді тапсыратын болады.
Сынаққа барлығы 98 әскери қызметші, оның ішінде 14 қазақстандық қатысуда. Жарыс 31 мамырға дейін жалғасады.