Экология министрі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелерімен ірі өнеркәсіптік қалалардағы зиянды заттардың шығарындыларын азайту, заңсыз үйінділерді жою, биоәртүрлілікті сақтап қалпына келтіру және т.б. мәселелерін талқылау мақсатында сындарлы диалог өткізді.
Қоғамдық кеңес мүшелері қоршаған ортаны қорғау саласында кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу жұмысын күшейту қажеттігі туралы да өз ұсыныстарын айтты.
Зоология саласындағы кадр тапшылығын шешудегі түйткілді мәселелерді орман, балық шаруашылығы және жануарлар дүниесі жөніндегі комиссия төрағасы Н.Оңғарбаев атап өтті.
Министр Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық ұсыныстарын қолдап, салалық департаменттер мен комитеттердің басшыларына тиісті тапсырмалар берді.
Соңында З. Сүлейменова жиынға қатысушыларға алғысын білдіріп, бүгінгі көтерілген барлық түйткілді мәселелер мемлекеттік органның алдағы жұмысында көрініс табатынын жеткізді.