Cемей-9°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.51 522.84 4.81

Лицензияны қайта ресімдеуге өтініш беру тәртібі қалай жүргізіледі?

1-03-2023, 15:59 Думан Кенжеғазыұлы

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 33-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген жағдайда қайта ресімделуге жатады.

Қызмет алушы www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы лицензияны қайта ресімдеуге өтініш береді.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін: 1 өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi; 3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгергенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген жазбаларды қоспағанда) ұсынылады.

Лицензияны қайта ресімдеу мемлекеттік қызметінің қарау мермізі 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды.

Лицензиялық алым кез-келген банк бөлімшелерінде, сондай-ақ Kaspi қосымшасымен кодтарын сканерлеу арқылы қызметті алушының тіркелген жері бойынша Салық комитетіне ББК (бюджеттік біліктілік коды)-105402 және ТМН (төлем мақсатының нөмірі)-911 жолдай отырып төленеді.

Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ауыстырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде береді.

8910a0d3fe4f02b513688b933e238f5a_original_576008.pdf

1-03-2023, 16:05562.51 Kb

pdf

скачиваний: 3
Скачать
 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив