Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
453.93 508.72 5.35

Аягөз ауданында жер учаскелерін беру кезінде кәсіпкерлердің құқықтарын шектеген

1-03-2023, 16:56 Думан Кенжеғазыұлы

Аягөз ауданының әкімдігі бау-бақша және мал шаруашылығы үшін жер учаскесін жалға беру мерзімін өз қалауы бойынша белгілеген.

Кәсіпкерлер заңнамада көзделген ең төменгі жалдау мерзіміне қол жеткізе алмаған.

Мысалға, аудан әкімдігінің қаулысымен «Байпатша» ШҚ және «Инабат» ШҚ 10 жылдың орнына 5 жылға жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығарылған.

Бұл жер пайдаланушыларға ұзақ мерзімді жобаларды жоспарлау мен жүзеге асыруға, сондай-ақ өз кәсібін дамыту үшін несие алуға кедергі болған.

2023 жылғы 1 наурызда аудан әкімдігінің алаңында Антикор өкілдері кәсіпкерлердің, Аягөз ауданы әкімі орынбасарының және «Атамекен» ҰКП филиалы директорының қатысуымен кездесуі ұйымдастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша әкімдік жерді жалға беру мерзімін ұлғайту туралы берілген қаулыға толықтыру шығарылды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив