Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
480.72 548.07 6.14

Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету - маңызды міндеттердің бірі

30-05-2024, 13:55 Мадина Айдарова

Елімізде 21 мың жетім баланың 17 600-і отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын азаматтар 1 мыңға жуық жетім баланы өз отбасына алады. Тәлімгерлік институты енгізілді: 300 жуық адам жетім балаларға тәлімгер болды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.

«Мемлекеттің басым міндеті - балаларды көшедегі, үйдегі және мектептегі қауіпті жағдайлардан қорғау. Сондықтан балалар объектілерінде бұрын-соңды болмаған кешенді қауіпсіздік шаралары жүзеге асырылуда. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 100%-ы қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етіліп, ЖБО-ға қосылды, лицензияланған күзет қойылып, дабыл түймелері орнатылды», - деді спикер.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив