Cемей-13°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.55 524.28 4.75

ЕАЭО-да темекіге акциздердің жаңа индикативтік ставкасы және дәрілік заттарды тіркеу рәсімдерін оңтайландыру мақұлданды

31-05-2024, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

29 мамырда Мәскеуде (РФ) өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында кедендік реттеу, салық және дәрілік препараттар саласындағы бірқатар рәсімдер бойынша шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин басқарып барды.

2029 жылға фильтрлі темекіге акциздердің бірыңғай индикативтік ставкасының мөлшері акциздердің нақты ставкаларынан 20%-дан аспайтын (36 еуродан 54 еуроға дейін, шамамен 17 мың теңгеден 25 мыңнан астам теңгеге дейін) ауытқу диапазонымен 1 мың данасы үшін 45 еуро (21 мың теңгеден астам) мөлшерінде бекітілді. Бұған дейін, 2019 жылы қабылданған 2024 жылға арналған темекіге акциздердің индикативтік мөлшерлемесі 35 еуроны (16 мың теңгеден астам) құраған. 

Бұл индикатив темекіге акциз ставкаларын жоспарлайтын ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдары мен темекі өнімдерін өндірушілер үшін бағдар болып табылады.

Сондай-ақ ЕЭК Кеңесінің шешімімен Медициналық қолдануға арналған дәрілік заттарды тіркеу және сараптау ережесіне өзгерістер енгізілді. Ол сараптамалық жұмыстарды жүргізу және дәрілік препараттардың құжаттамасын тіркеу бағалау кезінде әкімшілік рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ресми халықаралық спорттық іс-шараларды өткізуге арналған спорттық заттар мен жабдықтарды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу ерекшеліктері айқындалды. Бұл тауарларға оларды әкелу және әкету кезiнде жеңiлдiктi шарттармен арнайы кедендiк рәсiм қолданылатын болады. Бұл ұйымдастырушылар мен спорттық іс-шараларға қатысушылар үшін әкімшілік кедергілер мен шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив