Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

150 мыңнан астам азамат тегін заңгерлік көмек алды

2-06-2024, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде республикалық ауқымда «Халық заңгері» акциясы өтті.

Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тегін заңгерлік кеңес беруге бағытталған.

Осы шара аясында заң көмегіне жүгінген 150 мыңнан астам адам тегін заңгерлік кеңес алды.

Шараны ҚР Үкіметі, ҚР Әділет министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz және “Параграф” Ақпараттық жүйесі қызметкерлері ұйымдастырды.

Шараға 1000-нан астам маман қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, жеке сот орындаушылар бар.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив