Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
471.46 504.79 5.53

Жаңасемей ауданында балалар күні ерекше өтті

1-06-2024, 19:30 Думан Кенжеғазыұлы

Ауданға қарасты  ауылдық округтер мен кенттерде балаларға арналған музыкалық және қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өтті.

Көкентау ауылының клуб қызметкерлері «Тоқты мен серке» ертегісінен  театрландырылған қойылым ұсынды. Қиындықтан қорықпайтын тоқты мен серкенің қызықты хикаясын балалар өте жақсы көңіл күймен қабылдады.

Қайнар ауылында әртүрлі жарыстарда  жеңімпаз болған оқушылар және  2023-2024 жылы туған сәбилер шеруі өтіп,  барлығы  қызыл кілеммен жүріп өтті. Балалар ата-аналарымен бірге жиналған қауымның  құрметіне бөленді.

Приречный ауылында бүлдіршіндер клуб қызметкерлерімен бірге концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мерекенің сәнін келтірді. 

Жалпы білім беретін орта мектепте «STAR» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы балаларға мерекелік көңіл сыйлады. 

Жалпы ауданда мәдениет мекемелерінің қызметкерлері «Бақытты балалық шақ» тақырыбында концерттік бағдарлама, көңілді ойындар сайыстарын  ұйымдастырып,  талантты балалар ән салып, би биледі.

Спорттың  әртүрінен  командалық жарыстар өтіп, жиналған балалар белсенді қатысты.

Ертегілер елінің кейіпкерлері бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, мерекенің сәнін келтірді. 

Сонымен қатар, асфальтта «Әрқашан күн сөнбесін»  тақырыбында  сурет байқауы өткізілді.

Бүгінгі мерекелік бағдарламада жеңімпаз болған  барлық балаларға  мақтау қағаздары және сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив