Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
541.19 636.44 6.49

Семейде тұрғын үй қорын жаңарту бойынша алғашқы екіжақты келісімге қол қойылды

3-06-2024, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Өзара ынтымақтастық туралы меморандум қала әкімдігі, "Алтын Ұя Семей" ЖШС және "Selam Kaz"ЖШС арасында жасалды. Меморандумға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен аталған ЖШС басшылары қол қойды.

Меморандум апатты (ескірген) тұрғын үй орнында жаңа тұрғын үйлер салуды көздейді. Бұл ретте, осы тұрғын үйде тұратын азаматтар инвестордың есебінен тұрғын үйге уақытша көшіріледі.

Құрылыс кезеңінде инвестор өз есебінен пәтер иелерін көшіреді және оларға тұрғын үй жалдайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер инвестор ренавациядағы үйдің шаршы метріне сай пәтер береді.

Қол қойылған меморандум қаламыздағы апатты үйлердің санын азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұл Семей қаласының тұрғын үй қорын жаңарту жөніндегі алғашқы екіжақты келісім.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив