Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Қала әкімі Мәңгілік ел көшесіндегі бизнес-нысандардың басшыларымен кездесті

5-06-2024, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Мәңгілік ел көшесінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарының басшыларымен кездесті. Қазіргі уақытта аталған аумақта қоғамдық кеңістікті жайластыру жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылы Мәңгілік ел көшесін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасады: № 1 учаске (Қабанбай батыр көшесінен Жамақаев көшесіне дейін), № 2 учаске (Шайжүнісов көшесінен Ибраев көшесіне дейін).

Кездесу барысында ғимараттың қасбетін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру мәселелері талқыланды.

Мәңгілік ел көшесін абаттандыруға қарамастан кейбір үйдің бірінші қабатында орналасқан бизнес нысандарының қасбеті қала келбетіне кері әсерін тигізуде. Әр дүкен әртүрлі жарнамаларға толы, ал кейбір бутик дисплейлері істен шыққан.

«Санитарлық тазалықты сақтау, үй-жайларды біркелкі әрлеу және дүкен маңдайшаларын үйлестіру үшін нақты шаралар қабылдауды сұраймын. Жұмысты күшейту керек. Қазіргі уақытта Мәңгілік ел көшесін абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлер қаланы абаттандыру бойынша біз қабылдап жатқан шараларға қолдау көрсетулерін сұраймын. Қаланы ретке келтіру бәрімізге ортақ іс. Біз эскиз бойынша ережелер әзірледік, оған сәйкес қалада сыртқы жарнама бойынша регламент бекітіледі. Облыс орталығындағы барлық бизнес нысандарының сыртқы жарнамасын ретке келтіру мақсатында жұмыстарды жалғастырамыз», - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Мәңгілік ел көшесінің кәсіпкерлері өз кезегінде әкімнің ұсыныстарын қолдап, қала ғимараттарының қасбеттерін жаңартуға көмектесуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив