Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
498.34 519.72 4.85

Вокзал аумағын абаттандыру бойынша көшпелі кеңес өтті

6-06-2024, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшыларымен бірге темір жол вокзалына барды.

Семей теміржол вокзалының тарихы 1915 жылдан басталады. Ғасырлық тарихы бар кәсіпорын бүгінде 7 бағыт бойынша жұмыс істейді. Күніне 1000-нан астам жолаушыларды қабылдайтын вокзалдың айналасын абаттандыруды қажет етеді.

Көшпелі кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне вокзал айналасына жол сызықтарын таңбалауды, архитектура бөліміне жыртылған жарнамалық баннерларды алуды және рұқсатсыз орнатылған темір конструкцияларды бөлшектеуді тапсырды. Сондай-ақ, тұрғын үй инспекциясы бөліміне вокзал жаңында тұрған 16 қабатты тұрғын үйдің қасбетін бояуды жоспарға алуды тапсырды.

Сонымен қатар, қала басшысы Вокзалдың басшылығына нысанның ішін және сыртын абаттандыру жұмыстарын жүргізуді сұрады.

Жұмыс тобы көшпелі кеңес барысында аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары басталған тұрғын үйлердің аулаларын аралады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив