Нұрбол Нұрсағатов Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесті
Кездесу барысында тұрғындар жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, мектептен тыс үйірмелер ашу, жолдарды грейдерлеу, мал шаруашылығын дамыту, балалар алаңын жабдықтау және т.б. мәселелерді көтерді.
Сондай-ақ, ауыл жастарының спорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізетін спорт ғимаратын салу бойынша сұрақтар қойылды.
“Осы жиында көтерілген мәселелердің барлығы ескеріліп, жоспарымызға сай шешілетін болады. Жарқын ауылын дамыту маңызды мәселелердің бірі және ол қаланы дамытудың Бас жоспарына енгізілген”, - деді Нұрбол Нұрсағатов.
Анықтама үшін: Жарқын ауылында 700-ге жуық адам тұрады. 2023 жылы 8,3 шақырым жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, жол белгілері орнатылды, балалар және спорт алаңдары ашылды.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіАБАЙ ОБЛЫСЫ: ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІҚазақстандық ЖЭО-лардың қоймаларында 4 млн тонна көмір және 85 мың тонна мазут жиналған